Билетті қалай брондап немесе құнын білуге болады?

Последние изменения: 02.07.2019

Ұшаққа билетті брондау үшін, Aviata.kz басты бетін ашу қажет. Сіз әуе билеттер іздеу нысанын көресіз.

✔   Бірінші торда ұшып шығатын қаланы белгілейсіз

✔   Екінші торда ұшып келетін қаланы белгілейсіз

✔   Үшінші мен төртінші торда ұшып келу/кету күндерін таңдайсыз

✔   Бесіншісінде жолаушылардың санын және ұшып барғыңыз келетін класты- эконом немесе бизнесті, таңдайсыз.

Сайт билет іздеуді бастайды, нәтижесін күтіңіз.

Іздеу нәтижесі бетінде лайықты рейсті таңдаңыз. Іздеу нысанында сіз ұшып келу/кету күндерін, бағытыңызды өзгерте аласыз. Қолайлы билеттің карточкасында "выбрать" басасыз.

Мәліметтер толтыру бетінде сіз туралы ақпарат енгізу қажет.

• Тегі

• Аты

• Жынысы

• Туған кезі

• Құжат нөмірі - жеке күәлік немесе паспорт

• Құжаттың қолданылу мерзімі

• ЖСН

✔ Төменірек телефон нөмірін жіне электрондық поштаңызды белгілеңіз.

✔ Артынша, сізге сақтандыру және СМС хабарландыру керек болса таңдайсыз.

Соңында төлейтін билеттің толық құнын көресіз. "Забронировать" басыңыз.

"Забронировать" басқаннан кейін, төлем беті ашылады. Билетті виза/матсеркард картасымен немесе каспи кз интернет-банкингі арқылы төлем жасауға болады.

Сатып алғаннан кейін, билетті белгілеген поштаңыздан тапсаңыз болады.

Помогла ли вам статья?